Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Астана қаласы, Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7
8 (7172) 98-71-37
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Астана қаласы әкімдігінің "№ 12 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Бүгін мектебімізде “Білімім – Отаныма” атты мерекелік іс-шара ерекше сән-салтанатымен аталып өтті. Бұл шара – білім мен тәрбиені ұлықтап, оқушылардың жетістіктерін дәріптеуге арналған тағылымы мол кеш болды.
Мерекелік жиын барысында оқу озаттары, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген және түрлі байқаулар мен олимпиадаларда мектебіміздің абыройын асқақтатқан үздік оқушылар марапатталды. Олардың еңбегі мен талпынысы көпшілікке үлгі болып, ұстаздар мен ата-аналардың мақтанышына айналды.
Сонымен қатар, биылғы 9-сынып түлектеріне жүрекжарды тілектер айтылып, алдағы өмір жолдарына сәттілік, биік белестер мен жарқын болашақ тілінді. Ұстаздар шәкірттеріне ақыл-кеңестерін айтып, әрқашан білімге ұмтылып, ел болашағына қызмет ететін азамат болуға шақырды.
Іс-шара барысында ән айтылып, әсем билер орындалып, оқушылар көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Осындай тәрбиелік мәні зор мерекелер оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиетті арттырып, білімге деген құштарлығын нығайта түседі.
“Білімім – Отаныма” атты мерекелік кеш барша қатысушылардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды.