Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Астана қаласы, Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7
8 (7172) 98-71-37
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Астана қаласы әкімдігінің "№ 12 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ
AA+
  • Біз туралы
  • Жаңалықтар
  • Оқу үрдісі
  • Тәрбие үрдісі
  • Оқушыларға
  • Ата-аналарға
  • Аттестация
  • Мұғалімдерге
  • +7 (777) 777-77-77
    Вход в аккаунт kz

    2021 жылғы 4 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының МКҚК Білім беруді жаңғырту орталығы және №1Өнер мектебінің МКҚК ұйымдастыруымен  «Дәстүрлі ән мен күй  - мәдени мұра» тақырыбында қосымша білім беру қазақ ұлттық аспаптары мен дәстүрлі ән  бағытындағы педагогтерге қалалық шебер - сыныптары өткізілді.

    Мақсаты:  білім мен дағдыларды бекіту, теориялық-практикалық, педагогикалық серіктестігін нығайту аясында тәжірибе алмасу, шеберлікті көрсету.

    Іс-шара  барысында Бекетаева Гүлдана Ескеновна, Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының бөлім басшысы сөз алды, №1 Өнер мектебінің директоры Сәбиев Фархад Қабденұлы жалпы мектеп қызметі жайында атап өтті.

    Шебер - сыныптар барысында кәсіби шығармашылықта білімі мен практиканы   ұштастыра білуді үйрену мен асыру бойынша кері байланыстың түрлері мен әдістерімен таныстыру мақсатында тәжірибелерімен бөлісті.

    Тақырыптар:

    • «Қазақтың ұлттық өнері-ұлттың рухы»

               Кожебаев Дархан Ержанович, №1 Өнер мектебінің «Қазақ ұлттық    

               аспаптары» бөлімінің жетекшіс, «Домбыра» сыныбының педагогі;

    • «Домбыра мен фортепианоға арналған шығармамен жұмыс жасау ерекшелігі»

    Серикбаева Назипа Полатовна №1 Өнер мектебінің «Домбыра» сыныбының қосымша білім беру педагогі педагогі;

    • «Домбыра сыныбында шығармашылық бастаманы тәрбиелеу»

    Тапенов Даулет Турсунханович, Қазақ ұлттық өнер университетінің  «Домбыра» кафедрасының оқытушысы;

    • «Қазақ халқының дәстүрлі ән өнері»

    Нуркенов Тельман Тилегенович, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Дәстүрлі ән» кафедрасының аға оқытушысы, өнертану магистрі;

    • «Домбыра үйретудің педагогикадағы әдістері»

    Тапалов Нұрбек Болатұлы, Қазақ ұлттық өнер Университетінің «Домбыра» кафедрасының аға оқытушысы, республикалық байқаулардың лауреаты, күйшілер одағының мүшесі;

    • «Дәстүрлі әндерді нақыштап орындау»

    Сембаев Толганбай Токтаганович, Қазақ ұлттық өнер университеті, «Дәстүрлі ән» кафедрасының аға оқытушысы.

    Ұйымдастырылған шебер-сынып жұмысына  қосымша білім беру педагогтері мен жалпы білім беретін мектептердегі музыка мұғалімдері қатысты.

    Соңында  шебер-сынып өткізген спикилерге сертификат пен  Алғыс хат табысталынып, алғыс білдірілді.