Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Астана қаласы, Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7
8 (7172) 98-71-37
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Астана қаласы әкімдігінің "№ 12 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ
AA+
  • Біз туралы
  • Жаңалықтар
  • Оқу үрдісі
  • Тәрбие үрдісі
  • Оқушыларға
  • Ата-аналарға
  • Аттестация
  • Мұғалімдерге
  • +7 (777) 777-77-77
    Вход в аккаунт kz

    Жаңа жыл

    Жаңа жыл әр елде ұлттық салт-дәстүрге сай тойланады, десек те, алуан түрлі ойыншықтармен безендірілген әсем шырша, түн ортасында сағаттар соғып, Жаңа жыл келгенін білдіруі, жаңажылдық дастархан, сыйлықтар, ғажайыптар мен жақсылыққа сену – бәрімізге ортақ.

     

    Жаңа жылдың салт-дәстүрлері

     

    Жаңа жылдағы ең басты дәстүр – үй ішіне шырша қойып, ойыншықтармен безендіру. Алғашқы безендірілген шыршалар қазіргі Франция аумағындағы Эльзаста 1605 жылы пайда болған, деп санайды тарихшылар. Кейін біртіндеп бүкіл Еуропа шырша безендіре бастайды, әлбетте, әуелі дәулетті адамдар мен саудагерлердің үйінде ғана пайда болған. XIX ғасырда барлық жерде шырша қою дәстүрге айналды.

    Жаңа жылдың ең маңызды дәстүрі – тілек тілеу көне ғасырлардан келе жатса да, әлі ұмытылған жоқ. Өйткені "Жаңа жыл қарсаңында қандай тілек тілесең де әрқашан жақсылық нышаны болады".

    «№ 12 балабақша - бастауыш» мектеп» кешені» КММ-нің оқушылары да Жаңа жыл шыршасын безендіру ойыншықтарын қолдан жасап бейнебаяндар түсірді. Құттықтаулар жіберді.

    «Қош келдің, 2021 – Жаңа жыл» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

    Мектептің «Қамқоршылық кеңесінің» шешімімен бір оқушы «Президент шыршасынан» сыйлық, төрт оқушы «Әкім шыршасынан» сыйлық алды.

    Мектеп әкімшілігі және ұжымы ЖШС СК «Керемет» директоры Кабдуллин Талгат Ахметовичке және ұжымына, Карлыгаш Набиуллинаға «Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына Жаңа жылға сыйлықтар» ұйымдастыруда көрсеткен демеушілік іс-шаралары үшін АЛҒЫС білдіреді.