Жазғы лагеріміз өз мәресіне жетті!
Балаларға қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлаған жазғы лагеріміз де аяқталды. Лагерь барысында оқушылар қызықты ойындарға қатысып, танымдық іс-шараларға атсалысып, жаңа достар тауып, көптеген жарқын әсерге бөленді.
Осы игі іске үлес қосқан барлық педагогтерге, ұйымдастырушыларға және қолдау көрсеткен Қамқоршылық кеңесіне шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында балалардың жазғы демалысы мазмұнды әрі қызықты өтті.
Балалардың жүзіндегі шаттық пен қуаныш – біздің ең үлкен жетістігіміз. Лагерь тәрбиеленушілері өткізілген әр күнге риза болып, ұмытылмас естеліктермен тарқасты.
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс және жарқын жаз тілейміз!