Астана қаласы әкімдігінің КММ
Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7

Жыл сайын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті қалалық Білім басқармасымен бірлесіп парасаттылық құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, озат-ойлы, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында қалалық «Парасатты отбасы» байқауын өткізеді.

Қатысушылар «Менің отбасым» тақырыбында еңбектегі, оқудағы жетістіктері мен отбасылардың әдет-ғұрып, жөн-жоралғыларға қаншалықты мән беріп, бос уақыттарын қалай өткізетіндігі туралы бейнероликтер ұсынады.

Қатысушылар а.ж. 12 қазан айына дейін бейнероликтер мен мектеп басшысымен бекітілген өтінімді «Парасатты отбасы» деген атаумен Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасына мектептің ресми почтасынан жолдау керек.

Барлық сұрақтар бойынша мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен байланыссаңыз болады.