Астана қаласы әкімдігінің КММ
Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7

18.11.2022 жылы жоспарға сәйкес 2 сыныптар арасында «Салауатты тамақтану мектебі» вариативті компонент бойынша «Дұрыс тамақтану-салауатты өмір салты» атты сыныптан тыс ашық сабақ өткізілді.  Сабақ барысында адамның өсу мен дамуына қандай азық-түліктің пайдалы екендігі, пайдалы мен зиянды тағамдарды қалай ажырату.а болатындығы айтылды. Дұрыс тамақтану ережесіне тоқталып,дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін пайдасы айтылды. Білім алушыларға талқылауға арналған сұрақтар қойылып, бейнефильм көрсетілді. «Біз зерттейміз», «Айтып бер...», «Еркін микрофон», «Аспаз болып көр», «Азық-түлік дүкені», «Екі шындық, бір жалған» атты қызықты әдіс-тәсілдермен сабақты өте тиімді өтті.