Астана қаласы әкімдігінің КММ
Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7

Астана қаласының Білім басқарма басшысы  К.Сенғазыевтан келген 30.11.2022 жылғы №107-04-30/1346 хат негізінде келесі ескертуге

Назар аударыңыз!

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабын сақтау қажет.

ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50 бабы 1 және 2 тармақтарының 17 тармақшасына және Заңның 12 бабына сәйкес мемлекеттік қызметкердің (оларға теңестірілген) хабарынсыз алынған сыйлықтары жайында, сондай-ақ ол тиісті функцияларын орындауға байланысты алған сыйлықтарын жеті күн ішінде арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз жеткізуге тиісті, осындай мән-жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметкерлер (оларға теңестірілгендер) республикалық бюджетке ақшаны аудару арқылы төлеу тиіс.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» №793 жарлығының 2 тармағына сәйкес білім беру ұйымдарының директоры бірінші басшы ретінде сыбайлас жемкорлыққа қарсы күреске жауапты.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, заңсыз сыйлық алуға, оның ішінде ата-аналардан, жеткізушілерден және басқа да тұлғалардан сыйлықтар алуға, сондай-ақ білім беру және басқа да мемлекеттік қызметкерлерге сыйлықтар әкелуге (беруге) қатаң тыйым салынады.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарында ақша жинауға қатысты шағымдар келіп түскен және ата-аналардан сыйлықтар қабылдау фактілері расталған жағдайда, жұмыстан шығару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберу, жазалау шарасын қоспағанда, бірінші басшыларға қатысты қатаң шаралар қабылданатын болады.