Астана қаласы әкімдігінің КММ
Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7
Ата-аналар жиналысы

31.01.2020ж. күні мектеп ата-аналары, қамқоршылық кеңестің мүшелері, мектеп ұжымының қатысуымен «Ата-аналар жиналысы» өтті.


Күн тәртібінде қаралған мәселелер:


1. Мектеп директорының ата-аналарды мектептің даму жоспарымен таныстыруы


2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының 1-жарты жылдық бойынша қорытындысы


3. «Критериалды бағалау - табысқа жету жолы» тақырыбында коучинг

 

4. «Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастық» тақырыбында тренинг


5. Қамқоршылық кеңесінің атқарылған жұмыстарының есебі


1. Мектеп директоры Шаханов О.С. мектептің даму бағдарламасымен таныстырды. Мектептің мүмкіндіктері мен қауіп қатерлі жақтарын айта отырып, 2021 жылға жаңа мектеп салу жоспарланып отырғанын айтты.


2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Омирбекова А.М. 1-жарты жылдық бойынша қорытынды жасады.


3. Мұғалімдер Асанбаева Г.К. және Калиакпарова А.С. «Критериалды бағалау - табысқа жету жолы» тақырыбында коучинг өткізді.


4. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Сенби С. 2019 жылдың жұмыстарының есебімен таныстырып өтті. «Қарттар күнінде» «Кірпіш ауданының» қарттарына және мектепішілік «Жаңа жылды» тойлауда 8 оқушыға сыйлық әкеліп табыстағандарын айтты.


5. Бокс бойынша спорт шеберлері, Халықаралық турнирлердің жеңімпаздары Қазақстанның 4 дүркін чемпионы Боранбаева А. және Қазақстанның чемпионы Боранбай Қ. келіп бокстан секция ұйымдастырып, соған балалар қабылдайтынын айтты.


6. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Калимова А.Т. мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастық болу керектігін айтты.


7. Мектеп психологы Ракишева А.Е. ата-аналармен тренинг өткізді.


Ата-аналар мектептің жақсы бастамаларын құптап, ат салысатындықтарын айтты.


Келесідей қаулы шығарылды:


1. Мектептің даму жоспары жүзеге асырсын.


2. 2-жарты жылдықта нәтижелі жұмыстар атқарылсын.


3. Критериалды бағалау әрі қарай қолданылсын.


4. Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастық жалғаса берсін.


5. Қамқоршылық кеңесінің жұмыстары жалғастырылсын.