Астана қаласы әкімдігінің КММ
Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7
7- мамыр Отан қорғаушылар күні
 

1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер  өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.

 

Мерекенің мақсаты: балаларға өз елі мен әскери мамандығына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу. Оқушылардың азаматтық сезімін, дене және адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу.


7- мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған «Мен бақытты баламын» қалалық суреттер байқауына 0 Ә сыныбы оқушысы Камалидинова Әмина қатысты.

 

«Отаным, деп шырқаймын!» патриоттық өлеңдер челленджіне 1 А сынып оқушысы Қыпшақбай Рабия, 2 А сынып оқушысы – Сембі Аймекен, 4 В сынып оқушысы Емельянчик Сергей қатысты.

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Шығыс" балалар мен жасөспірімдер орталығы ұйымдастырған «Дені сау балалар – спорттық Нұр-Сұлтан» мотиватор бейнероликтер байқауына мектептің 4 Ә сынып оқушысы Пернебай Жасұлан әжесімен, қарындасымен қатысты.