Білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды өткізу кезеңіне «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының құрастырған іс-шаралар жоспары бойынша, #NS_ADAL_URPAK хэштегімен, №61 орта мектеп ұйымдастырған «Асыл қасиет – адалдық» интернет-суреттер байқауына 1 Ә сынып оқушысы Құрбан Оразкүл қатысты. Ал №63 мектеп-гимназиясы ұйымдастырған «Адал болу үшін адамға не істеу керек» видео-челленджіне 3 А сынып оқушысы Нұран Мереке бейнебаян түсірді.
«Асыл қасиет – адалдық» интернет-суреттер байқауының мақсаты:
Адалдық - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы. Адам бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасады.
«Адал болу үшін адамға не істеу керек» видео-челленджінің мақсаты: Адам болу үшін жай ғана адам болып туылу жеткіліксіз. Адамдарша әрекет жасау қажет. Абайша айтқанда «үш нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Адам боламын десеңіз ең алдымен адами қасиеттерге ұмтылу керек.
Абайдай данамыздың айтқан бес дұшпанымыздан қашық болып, бес асылға асық болайық!
