Астана қаласы әкімдігінің КММ
Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7

«Ата Заң - елдік нышаным»

Тәуелсіз еліміздің қолданыстағы Ата Заңының қабылданғанына биыл 25 жыл болады. Бұл Конституция 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдум өткізу (бүкіл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды Ата Заңын қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті.

Еліміз егемендік алған уақыт ішінде екі Конституция қабылданды. Оның біріншісі – 1993 жылдың қаңтарында қабылданған еді. Мұның Ата Заңның бұрынғы КСРО Конституциясының көшірмесіне айналған Қазақ КСР Конституциясымен салыстырғанда едәуір айырмашылығы мен өзгешелігі болды. Жамбыл атамыз баяғыда тұңғыш Конституция қабылданғанда:

Масатыдай түрленіп,

Отанымды гүлдентті.

Бесіктегі баламды

Ана болып тербетті.

Тоқсандағы шалыңды

Шарықтатып көңілін,

Көкке құлаш серметті.

Қанат берді халқыма

Әуелетті, өрлетті.

Ағытылған өзендей

Сарқыратты еңбекті, – деп қуанған екен.

Мемлекет болған соң міндетті түрде оның болмыс-бітімін, ішкі-сыртқы саясатын айқындайтын, мүдделері мен меншігін қорғайтын негізгі заңы болады.

Ел заңды, өз құқықтарын білу үшін заман талабына сай шығарылып жатқан заңдарды мұқият әрі зерделей тұрып оқуы керек. Өз құқықтық білімдерін үнемі жетілдіріп, басшылыққа алып отыру қажет. Сонда ғана заңсыздықтардан зардап шекпейді, өзінің құқықтары мен бостандықтарын кез келген орында қорғай алады. «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деп Мұхтар Әуезов өте орынды айтқан.

Сондықтан да біздің саяси, мәдени, рухани және экономикалық дамуымыздың қайнар көзі ретінде танылған Конституциямыздың өміршеңдігін ұзағынан сүйіндіргей.