Астана қаласы әкімдігінің КММ
Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланады. Бұл уақытқа дейін мемлекеттегі Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте тойланатын. Осыдан 29 жыл бұрын 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда "Тілдер туралы" заң қабылданған. Ол заңда сол кездегі Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілді. Ал 1998 жылдың 20 қаңтарында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. Ал еліміздегі тілдер мерекесінің датасы өзгеруінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. Мектепте Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті. Тәрбие сағаттарының мақсаты: 1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету. 2. Сөздік қорларын молайту. 3. Ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу.