Астана қаласы әкімдігінің КММ
Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7
Сәкен Сейфуллин мұражайы
 
 
Сейфуллин мұражайы1988 жылы 21 ақпанда Целиноград қаласында облыстық өлкетану музейінің бір бөлімі ретінде ашылған.
 

Мұражай С.Сейфуллин мен М.Әуезов көшелерінің қиылысында, ағаштан салынған ескі үйде орын тепкен.

 

Мұражай жанына ақынның ескерткіші орнатылған. Тарихи архитектуралық ескерткіш саналғанымен, мұражайдың сыртқы көрінісі бүгінгі жаңа құрылыстар ансамбліне ұқсас. Сейфуллин мұражайында кіре беріс зал есігіне қарама-қарсы қабырғаға кеңестік қуғын-сүргін құрбандарына арнап тоқылған кілем-гобелен ілінген. Қабырғаны тұтастай алып тұрған бірегей полотноның орта тұсында Сәкеннің гипстен жасалған бедерлі бейнесі, етегінде гүл шоғыры бейнеленген. Кіре берістегі оң қанатта “Сәкен мен Ақмола” аталатын фотокөрме бүгінгі Астана өмірімен астасып, Елорданың ертеңгі болашағынан елес береді. Сәкеннің туған жері — Қарашілік көрінісі, әке-шешесінің бейнелері, жастық шағы өткен, оқыған, білім алған елді мекендердің, Қараөткел мен Ақмоланың сол тұстағы көріністері бедерленген. Мұражайдағы мұрағат, құжаттар мен Сәкеннің қолжазбалары, тұтынған сиясауыты, қаламсаптары, кітаптар мен газет-журналдар, т.б. құнды жәдігерлер 6 залда көрініс тапқан. Солардың ішінде кезіндегі мемлекет басшысы Л.Мирзоян сыйға тартқан жазу машинкасы ерекше көзге түседі. Сондай-ақ С.Сейфуллиннің көзі тірісінде жарық көрген кітаптар топтамасы, фотосуреттері мұражай төрінен орын тепкен. Мұражайда Сәкен төңірегіндегі тұлғаларға қатысты құжаттар мен жәдігерлер жиынтығы топтастырылған. Б.Майлин, І.Жансүгіров, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, т.б. қаламгерлерге байланысты деректер тізбегін, Ақан серіБіржан салБалуан Шолақүкілі Ыбырай, Қажымұқанға қатысты мағлұматтарды табуға болады. Ақын Ш.Иманбаева мен башқұрт жазушысы Ғ.Шәріповаға қатысты, орыс жазушысы, қуғын-сүргін құрбаны Г.Серебрякованың Сәкенге қатысты деректері мұражай қорында сақтаулы. Мұражайда Сәкеннің өмірі мен шығармаларын зерттеген ғалымдардың еңбектері де жинақталған.