Астана қаласы әкімдігінің КММ
Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7

Қарттар күні

 

"Қарты бар ел - қазыналы ел" демекші, үлкенге құрмет көрсету, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту - ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. 

Қарттарым, аман-сау жүршi
Дүниеге келер бiр рет,
Дария-кеуде тау мүсiн.
Құрыштан құйған құдiрет – 
Қарттарым, аман-саумысың?! 

Өздерiң болсаң жанында,
Ел iшi жомарт, еңселi.
Дән иiсi жүрген қанында,
Даламның бiр-бiр бөлшегi.

Арада жылдар жөңкiлiп,
Алыстап кеттiм бiртiндеп.
Айта алмай ауыз толтырып,
«Ассалаумағалейкум!» деп.

Өзге бiр менде жоқ тiлек,
Өздерiң көзбен баққаным.
Жайлы жер iздеп кеттi деп,
Жазғыра көрме, қарттарым.

Ердiм бiр сиқыр қаламға,
Шығардым белге жыр көшiн.
Болғам жоқ алаң, даламда,
Әулие қарттар жүргесiн.

Жанды ғой бағы даланың,
Сендерге қуат, дем берсiн.
Киесi де оның сендерсiң,
Иесi де оның сендерсiң.

Алдында жүршi көзiмнiң,
Асылым, алтын қазынам.
Ауыра қалсам өзiңнiң,
Пейiлiңмен-ақ жазылам.

Сағынып талай жыр туар,
Оралар әлi-ақ сан жыршы.
Даламның иiсi бұрқырап,
Қарттарым, аман-сау жүршi!

                                                    С. Жиенбаев