Астана қаласы әкімдігінің КММ
Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7

Мұғалімдер күні

 

 Жыл сайын 100-ден астам мемлекетте 1994 жылдан бері қалыптасқан Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі. Бұл барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

 

Құрметті ұстаздар!

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, Сіздер, жас ұрпақтың санасына енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнегелеріңіз өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.

 

Ұстаздар, сіздердің назарларыңызға «№12 Балабақша – бастауыш мектеп» кешені» КММ-нің оқушыларының мұғалімдер күніне арналған құттықтау-тілектер, тақпақтарын ұсынамыз: