Астана қаласы әкімдігінің КММ
Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7

23.11 күні еліміз бойынша «Жалпыадамзаттық құндылықтар күні» аталып өтті.


«Жалпыадамзаттық құндылықтар — бақытты өмір негізі» тақырыбында «№12 балабақша-бастауыш мектеп» кешені» КММ-нің оқушыларына жалпыреспубликалық бірыңғай өзін-өзі тану сағаттары өткізілді.


Өзін-өзі тану пән мұғалімі Ракишева А.Е оқушыларды жағымды көңіл-күйге ену үшін «Су асты патшалығына саяхатқа» шығарып, одан кейін оқушылар өзінің бойындағы құндылықтарын айтты. Мысалы, Әбдібек Мансұр өз бойындағы  қасиеттері:   адалдық, адамгершілік, сыпайылық десе, ал Шихназаров  Данияр өз бойында адалдық, сүйіспеншілік, шыдамдылық қасиеттері бар екенін айтып кетті.


Сынып сағаттары қашықтан және кезекші сыныптарда дәстүрлі режимде өтті.
Біз адамдар адамгершілік қасиеттерімізді жоғары қойып,  балаларға да,  ата-аналарға да,  өз отбасысымызға да үлгі болайық деген тілекпен сынып сағаттарын аяқтады.