Астана қаласы әкімдігінің КММ
Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7

Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы Бас ассамблеясы жыл сайын азаматтық қорғанысқа арналған айлық өткізеді, ол биыл «Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті азаматтық қорғаныс» ұранымен өтуде.
«№ 12 балабақша - бастауыш» мектеп» кешені» КММ-де «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне» орай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Азаматтық қорғаныс» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Оқушылар «Азаматтық қорғаныс саласындағы үздік өлең» тақырыбында бейнебаяндар түсірді, «Азаматтық қорғаныс саласындағы үздік сурет» тақырыбында суреттер салды.