Астана қаласы әкімдігінің КММ
Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен  жасөспірімдер ұйымына

«Жас Қыран» қатарына қабылдау  

 

30.04.2021ж күні 1 сыныптардың 68 оқушысы салтанатты түрде «Жас Қыран» қатарына қабылданды, қабылдау ZOOM платформасында қашықтан өтті. 1 сыныптардың оқушыларымен бірге сынып жетекшілері және «Қамқоршылық кеңес» мүшелері қатысты.  

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды.

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мақсаты және міндеттері айтылды, әнұраны тыңдалды. Барлық сыныптар атынан Тілеухан Азамат, Ибрагим Айсұлтан, Аристан Мадияр деген оқушылар «Жас Қыран» антының мәтінін жатқа айтты, барлық оқушылар «ант етеміз» деп қосылды. «Қамқоршылық кеңес» мүшелерінен Қуан Баршагүл және сынып жетекшілерден Боранбаева Алмагүл Армиевна оқушыларды «Жас Қыран» қатарына қабылдануларымен құттықтады.