Астана қаласы әкімдігінің КММ
Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7

2021 жылы 1 қыркүйекте «№12 балабақша-бастауыш мектеп» кешені» КММ-де алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиыны мектеп ауласында тек 1-сынып оқушылары қатысуымен өтті, «Әліппе»/«Букварь» алғашқы оқулығы салтанатты түрде табыс етілді.

Іс-шараға бірінші сынып оқушылары және ата-аналарының біреуіне қатысу ұсынылды. Мектептің би үйімесі биі және 1-сынып оқушыларының өнері тамашаланды. Мектеп директоры О. Шаханов және ата-аналар құттықтау сөз сөйледі.

1-сынып оқушыларына алғашқы қоңырау соғылды.