Астана қаласы әкімдігінің КММ
Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7

2021 жылғы 4 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының МКҚК Білім беруді жаңғырту орталығы және №1Өнер мектебінің МКҚК ұйымдастыруымен  «Дәстүрлі ән мен күй  - мәдени мұра» тақырыбында қосымша білім беру қазақ ұлттық аспаптары мен дәстүрлі ән  бағытындағы педагогтерге қалалық шебер - сыныптары өткізілді.

Мақсаты:  білім мен дағдыларды бекіту, теориялық-практикалық, педагогикалық серіктестігін нығайту аясында тәжірибе алмасу, шеберлікті көрсету.

Іс-шара  барысында Бекетаева Гүлдана Ескеновна, Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының бөлім басшысы сөз алды, №1 Өнер мектебінің директоры Сәбиев Фархад Қабденұлы жалпы мектеп қызметі жайында атап өтті.

Шебер - сыныптар барысында кәсіби шығармашылықта білімі мен практиканы   ұштастыра білуді үйрену мен асыру бойынша кері байланыстың түрлері мен әдістерімен таныстыру мақсатында тәжірибелерімен бөлісті.

Тақырыптар:

  • «Қазақтың ұлттық өнері-ұлттың рухы»

           Кожебаев Дархан Ержанович, №1 Өнер мектебінің «Қазақ ұлттық    

           аспаптары» бөлімінің жетекшіс, «Домбыра» сыныбының педагогі;

  • «Домбыра мен фортепианоға арналған шығармамен жұмыс жасау ерекшелігі»

Серикбаева Назипа Полатовна №1 Өнер мектебінің «Домбыра» сыныбының қосымша білім беру педагогі педагогі;

  • «Домбыра сыныбында шығармашылық бастаманы тәрбиелеу»

Тапенов Даулет Турсунханович, Қазақ ұлттық өнер университетінің  «Домбыра» кафедрасының оқытушысы;

  • «Қазақ халқының дәстүрлі ән өнері»

Нуркенов Тельман Тилегенович, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Дәстүрлі ән» кафедрасының аға оқытушысы, өнертану магистрі;

  • «Домбыра үйретудің педагогикадағы әдістері»

Тапалов Нұрбек Болатұлы, Қазақ ұлттық өнер Университетінің «Домбыра» кафедрасының аға оқытушысы, республикалық байқаулардың лауреаты, күйшілер одағының мүшесі;

  • «Дәстүрлі әндерді нақыштап орындау»

Сембаев Толганбай Токтаганович, Қазақ ұлттық өнер университеті, «Дәстүрлі ән» кафедрасының аға оқытушысы.

Ұйымдастырылған шебер-сынып жұмысына  қосымша білім беру педагогтері мен жалпы білім беретін мектептердегі музыка мұғалімдері қатысты.

Соңында  шебер-сынып өткізген спикилерге сертификат пен  Алғыс хат табысталынып, алғыс білдірілді.