Астана қаласы әкімдігінің КММ
Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7

23.10.2023ж. «Кітапханашылар күні» апталығына арналған саптүзеу өтті. 4а, 3а, 3ә сыныптар өлең жолдарын оқыды. Ал 4ә, 2а, 2ә, 2б сыныптар ертегіні сахналады. 4б, 2в сыныптар оқыған кітаптары туралы айтып берді және сол кітаптарды оқуға кеңес берді. BookCrossing

24.10.2023ж. «Артық білім кітапта...» Көрме

4 Б сынып оқушылармен "Бала  Ыбырай "атты тәрбие сағаты өтті.  Оқушыларға алғашқы қоңыраудың үнін естірткен Ыбырай Алтынсарин атамыздың  балалық шағын, шығармаларын,  балалар үшін аянбай еңбектенгені айтылып, балаларды үлкенді сыйлауға, құрметтеу керек екені тағы бір ескертіліп, тәрбие сабағы өтті.

26.10.2023ж. Қазақ тілі мұғалімі және кітапханашы 3 сынып оқушыларымен «Кітап және кітапхана тарихы» атты бірлескен сабақ өткізді. Балаларға кітаптың шығу тарихы таныстырылды. Еліміздің жетекші кітапханалары туралы айтылды. Сөзжұмбақ шешті.

26.10.2023ж. «Қазына іздеу» деген Әдеби квестке 4а, 4ә, 4б сыныптары қатысты. Оқушылар маскаларды таңдап, ойын ережесін тыңдап, тапсырманы орындауға кірісті. Қолданыстағы жоспар бойынша балалар тапсырма жазылған төрт конвертті тапты. Қатысушыларға тапсырмаларды дұрыс орындағаны үшін сыйлықтар берілді.