Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Заң және тәртіп айы» аясында «Құқықбұзушылықтың алдын-алу: Менің ұсыныстарым» эссе байқауы 8,9 сыныптар арасында жүргізілді.Эссе жазу барысында бағыттық жоспар ұсынылды. Әр оқушы құқықытық сауаттылық туралы ойларын айта отырып, өз ұсыныстарын жеткізді.
Мақсаты: білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.