Астана қаласы әкімдігінің "№12 орта мектеп" коммуналдьқ мемлекеттік мекемеci
Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа №12" акимата города Астаны
|
|
---|
Тәрбие жұмысы
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Құқықтар мен міндеттер: дұрыс жолды таңдаймыз» атты тренингі 6 сыныптар арасында өткізілді.
Мақсаты: баланың өзінің құқығы туралы түсінік беру, басқа адамдардың құқығы мен байланысы және міндеттері; өз құқығын қорғау қажеттілігімен өзге адамдардың құқығын құрметтеу қажеттілігін дамыту.
«Отбасындағы тәрбие-құқықтық сана» тақырыбында 1-9 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы өтті. Отбасындағы тәрбие құқықтық сана қалыптастырудың басты мақсаты – баланың заңды , моральдік және этикалық нормаларды дұрыс түсініп, оларды өмірде қолдана біліуіне жол ашу. Бұл процесс арқылы бала құқықтары мен міндеттерін, өз құқықтарын қорғау жолдарын, қоғамдағы жауапкершілікті сезіну.
8
Мамыр
2025
|
Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Заң және тәртіп айы» аясында «Құқықбұзушылықтың алдын-алу: Менің ұсыныстарым» эссе байқауы 8,9 сыныптар арасында жүргізілді.Эссе жазу барысында бағыттық жоспар ұсынылды. Әр оқушы құқықытық сауаттылық туралы ойларын айта отырып, өз ұсыныстарын жеткізді.
Мақсаты: білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Заң және тәртіп айы» аясында «Құқықтық сауаттылық: Қауіпсіз өмірге жол» онкүндігінде «Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға қарсымыз» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін арттыру, тәртіп сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Сынып сағаты барысында құқықбұзушылық тақырыбында видеоматериалдар көрсетілді, оқушылар тәртіпсіздік, құқықбұзушылық тақырыптарында арнайы кластерлер жасап, қорғады, өз білімдерін ортаға салды.
8
Мамыр
2025
|
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы қаңтар «Заң және тәртіп» айында мектеп оқушылары меен мектеп парламентінің мүшелері «Қар десанты» еріктілер эстафетасына қатысып, мектеп ауласын қардан тазалауға атсалысты.
Мақсаты — саналы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, өскелең ұрпақты еңбекке баулу, ынталандыру.