Астана қаласы әкімдігінің "№12 орта мектеп" коммуналдьқ мемлекеттік мекемеci
Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа №12" акимата города Астаны
|
|
---|
Воспитательная работа
Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу; Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
«Денсаулықтың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, көтеріңкі көңіл-күй, күйзеліске түспеу» атты жарыс дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бекболатов Берік Балтабайұлы «Дұрыс тамақтану– денсаулық кепілі» тақырыбында үгіт насихат жүргізді. Сыныптарда «Денсаулықтың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, көтеріңкі көңіл-күй, күйзеліске түспеу» тақырыбында сынып сағаттары, жарыс өткізілді. Мақсаты: оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге үйрету.Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді
24
мая
2024
|
«Әкем айтқан нақыл сөз...» атты мектепішілік сынып сағаты өтті. Оқушылар әкеге байланысты түрлі ойларын айтып, өлең шумақтарын жолдап, «ӘКЕ МЕН ҮШІН...»деген сөзді толықтырып постер қорғады.
Мақсаты: Отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін түсіндіре отырып, әкеге деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Қыз бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.
2.Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу.
3. Үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін түсінуге тәрбиелеу.
24
мая
2024
|
«Бес нәрсеге асық бол...» («Жеткіншектің Жеті Жарғысы») атты 2 сыныптар арасында сайыс өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Оқушылар берілген тапсырмаларды толық орындап, түрлі логикалық сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.Оқушыларға сайыс өте қатты ұнады. Мақсаты: Оқушыларға ұлы Абайдың «ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл қасиет (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) жөнінде кеңінен түсінік бере отырып ойлау қабілеттерін дамыту, адамгершілікке инабаттты болуға, еңбексүйгіштікке баулу арқылы ақыл тәрбие беру.