ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Астана қаласы әкімдігінің "№12 орта мектеп" коммуналдьқ мемлекеттік мекемеci
Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа №12" акимата города Астаны
г. Астана
+7 (7172) 41-63-35
info@12astana-bilim.edu.kz

Астана қаласы әкімдігінің "№12 орта мектеп" коммуналдьқ мемлекеттік мекемеci
Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа №12" акимата города Астаны

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте детского сада!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
18
февраля
2025

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні, бұл кітап оқуды сүйетін және ұнататындардың мерекесі. Әдетте бұл күні бір-бірімен кітап алмасады  немесе бір-біріне сыйға тартады. Жаңа, қызықты, танымдық кітап оқу – кез келген адам үшін үлкен қуаныш және кітап әрқашанда ең керемет сыйлық болып қала береді.
Мақсаты – кітаптың құдіретiн арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту. 

Снимок экрана 2025 05 08 151110

5
февраля
2025

«Таза Қазақстан» акциясы аясында мектепте “Үздік макет” байқауы ұйымдастырылды.

Мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны құрметтеу.

Снимок экрана 2025 05 08 150546

3
февраля
2025

Мақсаты: Оқушыларға өздерінің болашақ кәсібін таңдаудағы жауапкершілікті түсіндіру, мамандықтардың маңыздылығын арттыру, көрсету және өз арманына жету жолында қажетті қасиеттерді дамытуға бағыт беру. Сонымен қатар, сынып сағаты барысында оқушылар өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтап, мамандық таңдау үшін қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндік алады.

Снимок экрана 2025 05 08 145411

12
декабря
2024

«Өзінің айналасындағы жора-жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді.»

Альфред Адлер

Мақсаты:Оқушылардың өз іс-әрекеті мен адамгершілік таңдауы үшін жауапкершілік туралы түсініктерін қалыптастыру.

Жауапкершілік — еркіндіктің басқа бір жағы болып табылады. Ол ересек тұлғаға тән және өзін саналы түрде жасайтын іс әрекеттерінің себептері мен өзінің ойлары мен әрекеттерін ішкі бақылауда көрінеді. Әлеуметтік жауапкершілік өзінің жеке эгоистік қызығушылықтарына емес, қоғам мен басқа адамдардың қызығушылықтарына сәйкес өзін өзі ұстай білудегі адамның бейімділігі. Тек еркін және жауапкершілігі жоғары тұлға өзін әлеуметтік мінез құлқын жан –жақты дамыта алады және жоғары дәрежеде өзінің потенциалын аша алады.

 

 

12
декабря
2024

Қауіпсіздік сабағы

Буллинг - бұл бір адам немесе топтың басқа адамды қорлауы, ренжітуі немесе қауіп төндіруі. Бұл қайталап жасалатын әрекеттер болуы мүмкін және қудалау, зорлық-зомбылық, қорқыту немесе жек көру түрінде көрінуі мүмкін.

1Физикалық: Денеге тигізу, тебу, ұру, итеру, қорқыту, заттарды лақтыру.

2.Психологиялық: Сөзбен қорлау, кемсіту, қорқыту, мазақ ету, сыбырлау, қатынастан бас тарту.

3Цифрлық: Әлеуметтік желілерде, SMS хабарламаларында немесе электронды поштада зорлық- зомбылық, қорқыту, кемсіту.

4Әлеуметтік: Қоғамнан оқшаулау, дос болмау, қоғамнан шеттету, топтан шығару.

Буллингпен күресудің тиімді тәсілдері:

Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз буллингке ұшыраса, дұрыс әрекет ету маңызды. Бұл қиын жағдайдан шығуға көмектесетін бірнеше тиімді тәсіл бар. Өзіңізді қорғаңыз Егер сізге қауіп төніп тұрса, қорғаныс шараларын қолданыңыз, қауіпсіз жерге барыңыз, ересек адамнан көмек сұраңыз. Дәлелдерді жинаңыз Егер сіз буллингке ұшырасаңыз, оның дәлелдерін жинаңыз, мысалы, хаттарды, хабарламаларды, фотосуреттерді сақтаңыз. Ересек адамдармен сөйлесіңіз Егер сіз буллингке ұшырасаңыз, ата-анаңыз, мұғаліміңіз, басшыңыз немесе сенімді адаммен сөйлесіңіз, олар сізге көмектесе алады. Өзіңізге сеніңіз Сіз жалғыз емессіз, буллингке ұшыраған көптеген адамдар бар. Өзіңіздің құндылығыңызды ұмытпаңыз және өзіңізге сеніңіз.

© 2025. Все права защищены.