ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Астана қаласы әкімдігінің "№12 орта мектеп" коммуналдьқ мемлекеттік мекемеci
Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа №12" акимата города Астаны
г. Астана
+7 (7172) 41-63-35
info@12astana-bilim.edu.kz

Астана қаласы әкімдігінің "№12 орта мектеп" коммуналдьқ мемлекеттік мекемеci
Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа №12" акимата города Астаны

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте детского сада!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
18
ноября
2024

«Қоғамға қызмет ету» волонтерлік қызметі – адамдардың ерікті түрде, өз еркімен қоғам игілігі үшін атқаратын қызметі. Бұл қызмет материалдық сыйақысыз жүзеге асырылады және қоғамның дамуына, әл-ауқатын жақсартуға бағытталады. Волонтерлік қызмет түрлері көп және әртүрлі салаларда қолданылады, соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, экология, әлеуметтік көмек және мәдени шаралар сияқты бағыттар.

Волонтер болудың пайдасы:

Жеке даму: Жаңа дағдыларды үйреніп, өз қабілеттеріңді арттыруға мүмкіндік береді.

Қоғамдық тәжірибе: Адамдармен қарым-қатынас жасау, әлеуметтік жауапкершілікті сезіну.

Жаңа байланыстар орнату: Волонтерлік қызмет арқылы көптеген жаңа адамдармен танысу.

Моральдық қанағаттану: Басқаларға көмек көрсету арқылы ішкі қанағат сезіміне жету.

Мақсаты: Қоғамға адал қызмет ету туралы түсіндіріп отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Жауапкершілік, адалдық қасиеттерін дамыту. Отанды, қоғамды құрметтей отырып, татулық, бірлікке тәрбиелеу.

18
ноября
2024

Мақсаты: Жәрмеңке ұйымдастыруда оқушыларды еңбекке, ұйымшылдыққа, бастамашылыққа, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу болды. Атаулы іс-шарадан ата-аналар да тыс қалмады. Өз тараптарынан демеушілік жасап, ақыл-кеңес беріп, жәрмеңкенің жоғары дәрежеде өтуіне ықпал етті. Оқушылардың еңбектерімен жасалған тағам түрлері, жеміс-жидектер мен сан-алуан қол өнер бұйымдары да сатылымнан өз орындарын тапты. 
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады демекші, жәрмеңке соңында оқушылар ұйымдастырылған іс-шарадан үлкен әсер алғандарын білдіріп жатты. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады.

18
ноября
2024

Оқушыларды жол ережесімен таныстыра отырып, жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру. Тәртіпке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

оқушылардың жолда және көшеде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері, оларды сақтаудың маңыздылығы туралы білімдерін тереңдету;

талдау қабілетін дамыту; зерттелетін материалды жіктеу, жалпылау; жол қозғалысы ережелерін зерделеуге оң мотивацияны қалыптастыру;

білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын, топта жұмыс істей білуін дамыту; балалар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті, мінез-құлықтың этикалық нормалары.

 

18
ноября
2024

Ұстаз – білім беруші ғана емес, қоғамдағы еңбекқорлық, жауапкершілік, мейірімділік, адалдық, әдептілік қасиеттерін қалыптастыратын көшбасшылар эталоны. Сондықтан барлық білім беру ұйымдарында «Даналық ұстаздан» челленджі өткізілді.Челлендж барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта басталды. 

«Даналық ұстаздан» – мұғалімдер күні қарсаңында алғашқы мұғалімдеріне, сүйікті педагогтерге және құрметті тәлімгерлерге арналған челленджі өткізіледі. Қатысушылар бейне хабарлама, мақалалар, өлеңдер, әндер, суреттер және басқа да шығармашылық формалар арқылы алғыстарын білдіре алады.

Мақсаты: білім алушылардың ұстазға деген құрметі мен  сүйіспеншіліктерін арттыруға, еңбегін бағалауға үн қосу.

18
ноября
2024

Сынып сағаттарында «Буллингтен қорған!» алдын алу шарасын ұйымдастыру ұсынылады. Бұл білім алушылардың басқалармен қарымқатынас жасау, өз эмоцияларын басқару және қақтығыстық жағдайларды шешу дағдыларын дамытуға бағытталған тренингтер мен кейс-сессияларын мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізу ұсынылады.

Мақсаты: оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынасындағы толеранттылықты арттыру және қақтығыстардың алдын алу. Оқушылар буллинг және кибербуллинг ұғымдарымен, оның зардаптарымен танысты.

© 2025. Все права защищены.