ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Астана қаласы әкімдігінің "№12 орта мектеп" коммуналдьқ мемлекеттік мекемеci
Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа №12" акимата города Астаны
г. Астана
+7 (7172) 41-63-35
info@12astana-bilim.edu.kz

Астана қаласы әкімдігінің "№12 орта мектеп" коммуналдьқ мемлекеттік мекемеci
Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа №12" акимата города Астаны

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте детского сада!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
18
ноября
2024

Ұстаз – білім беруші ғана емес, қоғамдағы еңбекқорлық, жауапкершілік, мейірімділік, адалдық, әдептілік қасиеттерін қалыптастыратын көшбасшылар эталоны. Сондықтан барлық білім беру ұйымдарында «Даналық ұстаздан» челленджі өткізілді.Челлендж барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта басталды. 

«Даналық ұстаздан» – мұғалімдер күні қарсаңында алғашқы мұғалімдеріне, сүйікті педагогтерге және құрметті тәлімгерлерге арналған челленджі өткізіледі. Қатысушылар бейне хабарлама, мақалалар, өлеңдер, әндер, суреттер және басқа да шығармашылық формалар арқылы алғыстарын білдіре алады.

Мақсаты: білім алушылардың ұстазға деген құрметі мен  сүйіспеншіліктерін арттыруға, еңбегін бағалауға үн қосу.

18
ноября
2024

Сынып сағаттарында «Буллингтен қорған!» алдын алу шарасын ұйымдастыру ұсынылады. Бұл білім алушылардың басқалармен қарымқатынас жасау, өз эмоцияларын басқару және қақтығыстық жағдайларды шешу дағдыларын дамытуға бағытталған тренингтер мен кейс-сессияларын мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізу ұсынылады.

Мақсаты: оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынасындағы толеранттылықты арттыру және қақтығыстардың алдын алу. Оқушылар буллинг және кибербуллинг ұғымдарымен, оның зардаптарымен танысты.

18
ноября
2024

«Ұшқыр ой алаңы» – пікірталастар мен зияткерлік ойындар өткізу арқылы тақырыпты зерделеу және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру негізінде түйінді құндылықтарды дамыту көзделеді. Білім беру ұйымдарына құндылықтарға, тарихи оқиғаларға, атаулы күндерге, адам құқығы мен заңдарды зерттеуге, жағымсыз әдеттердің алдын алуға (лудомания, нашақорлық, кибергигиена, зорлық-зомбылық, буллинг және т.б.) байланысты тақырыптық пікірталастар өткізу ұсынылады. Пікірталасқа ата-аналарды, танымал тұлғаларды, қоғам қайраткерлерін тартуға болады.

Зияткерлік ойындарды тек мектеп пәндеріне ғана емес, сонымен қатар танымал тұлғаларға, атаулы күндерге, әлемдік және спорттық оқиғаларға байланысты зияткерлік ойындарды ұйымдастыруға және өткізуге атааналарды, танымал тұлғаларды, қоғам қайраткерлерін және т.б. тарту ұсынылады.

Мақсаты: оқушыларының арасында мектептік пікірсайыс (дебат) қозғалысты дамыту және насихаттау, мектептегі пікірсайыс (дебат) қозғалысты дамыту және қолдау.

 Міндеттері:

білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру,

білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру,

зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктерін дамыту;

4
сентября
2024

«Мектебім мейірім мекені!»

“Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады”

(Шәкәрім Құдайбердіұлы)

           1 қыркүйек - бүкіл балаларының мерекесі. «Өйткені, бұл күні барлық калалар мен ауылдарда тұратын кішкентай бүлдіршіндер сөмкелері мен кітаптарын алып, тұңғыш рет сынып есігін ашу үшін томпаңдап, мектепке бара жатады!» Егер еліміздегі барша мектепті бір жерге жинар болса, онда ол пәлен миллион шәкірті бар алып мектеп-қала болар еді.

          Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

          Міндеттері:
—  мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
—  өзара сыйластық қарым — қатынастарын дамыту;
—  мейірбандылыққа тәрбиелеу.

24
мая
2024

15. 22.12.2023 жылы ата-аналарға арналған «Біріңғай ашық есік күні» өтті. Ата-аналар .Ашық есік күнінің мақсаты: ата-аналарға бала тәрбиесінде көмек беріп әрі балабақша жұмыс ретімен танысуға мүмкіндік беру. Балабақшаның, топтың 1 күндік тынысымен танысу. Ашық есік күні ата-аналар оқу-тәрбие процесін, күн тәртібіндегі барлық оқыту-тәрбиелеу процестеріне қатысып, қадағалады. Ата-аналар ашық есік күні өздерінің бос уақыттарына сәйкес келуіне мүмкіндік алды, балаларының дамуы бойынша сұрақтарына жауаптарын алды. 

© 2025. Все права защищены.