Астана қаласы әкімдігінің "№12 орта мектеп" коммуналдьқ мемлекеттік мекемеci
Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа №12" акимата города Астаны
|
|
---|
Тәрбие жұмысы
24
Мамыр
2024
|
«25 – қазан Республика күнін» 1-4 сыныптар сынып сағаттарын өткізді. Оқушылар туған жерін, елін сүйетінін өлең шумақтарымен жеткізді. Сынып сағаты барысында түрлі ойындар ойнатылып, викториналық сұрақтар қойылды. Оқушылар белсене қатысты. Мақсаты:Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру.
Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын белгіледі.
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білу керек.
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл, елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туың, Әнұран -
Шырқатты биік арманды.
Тәуелсіздікке тән белгі -
Қасиетті осы рәміздер -
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның – мына біздер.
24
Мамыр
2024
|
«Ұстаз! Сіздің алдыңызда .... » атты ұстаздарымзға арналған іс-шарамыз өтті. Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деген ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
24
Мамыр
2024
|
«Қарттар – асыл қазынам» атты мектепішілік сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі.
Мақсаты:Ойын кезінде өзін - өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа,әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
23
Мамыр
2024
|
«Ата-ана ұлағаты ұрпаққа аманат» іс -шарамызға 2023 жылдың 30 қыркүйек күні мектебімізде ата-аналарға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл күні ата-аналар мектеп өмірімен таныса отырып, сынып бөлмелерін, кітапхана,асхана, арнайы кабинеттерді аралап көрді.Балаларының оқу бөлмесін көріп, танысты. Мектеп психологі ата-аналарға түрлі тренинг ұйымдастырып, түрлі сауалнамаларға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Ата-аналар ұйымдастырылған іс-шараға ризашылықтарын білдірді.