Астана қаласы әкімдігінің "№12 балабақша-бастауыш мектеп" кешені" КММ
КГУ "Комплекс "Детский сад - начальная школа № 12" акимата города Астаны
|
|
---|
Тәрбие жұмысы
22
Мамыр
2024
|
![](/images/01_news/02_09_2024_3.jpg)
«Жолда жүру ережелерін білесің бе?» атты сынып сағаты өтті. Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің тобымызда бүгін «Жолда жүру ережелері» атты жол ережелері туралы айтпақпыз.
Мақсаты: Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.
22
Мамыр
2024
|
![](/images/01_news/01_09_2024_1.jpg)
1 қыркүйек - білім күні «Мектеп – мейірім мекені» атты салтанатты жиын және сынып сағаттары өтті. Сабақ сайыс түрінде жоспарланып әртүрлі әдіс - тәсілдер арқасында жүзеге асырылды. Балалар шеңберде дөңгелене тұрып бір - бірінін бет - жүздерін аңық көріп, жылы тілектерін айтты. Түрлі – түстер қағаздарға бейнеленген күннің көзін тандау арқылы оқушылар топқа бөлінді. Күндерде: жылы лебіз білдіру, сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық сөздер жазылады. Осы сөздерді естігенде ойларыңа не келеді, бір сөзбен қалай алмастырып айтуға болады деген тапсырманы орындап сабақ тақырыбы анықталды. Мейірімділік сөзінің мағынасын постер, диаграмма, сурет салу арқылы әр топ өз жобаларын қорғады. Жұмысымыз мәтінді аяқтау, әнгіме тындап сұрактарға жауп беру сияқты түрлерімен жалғасты. Жүректің дөңгелек ортасы беріледі. Күннің шуағын өздері жапсырып, шуағына көршісіне арнап тілек жазумен тәрбие сағатымыз аяқталды.
Мақсаты: Баланың бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы - жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір - бірімен қарым - қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.