Астана қаласы әкімдігінің "№12 орта мектеп" коммуналдьқ мемлекеттік мекемеci
Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа №12" акимата города Астаны
|
|
---|
Тәрбие жұмысы
5
Наурыз
2025
|
“Ең, Ең,Ең” алғыс айту тақтасы
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Алтын жүрек» акциясы шеңберінде мектебімізде “Ең, Ең,Ең” алғыс айту тақтасы ұсынылды. Бұл тақта арқылы мектеп оқушылары өз жүректерінен ерекше орын алатын ұстаздарының есімдерін жазуға мүмкіндік берді. Бұл бастама ұстаздарға деген шынайы алғыс пен құрметтің көрінісі болып, мектеп қауымдастығын одан әрі жылы да жақын қарым-қатынасқа нығайтуға септігін тигізді.
https://www.instagram.com/reel/DGC5ALGt3dG/?utm_source=ig_web_copy_link
19
Ақпан
2025
|
“Кибер қауіпсіздік” дөңгелек үстелі
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасының “Заң және тәртіп айы” аясында мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын -алу мақсатында “Кибер қауіпсіздік” тақырыбынба дөңгелек үстел өткізілді. Оқушыларға бейнеролик көрсетіліп, постер қорғап, жағдаяттарға жауап берді.
18
Ақпан
2025
|
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні, бұл кітап оқуды сүйетін және ұнататындардың мерекесі. Әдетте бұл күні бір-бірімен кітап алмасады немесе бір-біріне сыйға тартады. Жаңа, қызықты, танымдық кітап оқу – кез келген адам үшін үлкен қуаныш және кітап әрқашанда ең керемет сыйлық болып қала береді.
Мақсаты – кітаптың құдіретiн арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту.
5
Ақпан
2025
|
«Таза Қазақстан» акциясы аясында мектепте “Үздік макет” байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны құрметтеу.
3
Ақпан
2025
|
Мақсаты: Оқушыларға өздерінің болашақ кәсібін таңдаудағы жауапкершілікті түсіндіру, мамандықтардың маңыздылығын арттыру, көрсету және өз арманына жету жолында қажетті қасиеттерді дамытуға бағыт беру. Сонымен қатар, сынып сағаты барысында оқушылар өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтап, мамандық таңдау үшін қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндік алады.