Астана қаласы әкімдігінің "№12 орта мектеп" коммуналдьқ мемлекеттік мекемеci
Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа №12" акимата города Астаны
|
|
---|
Добро пожаловать на наш сайт !
Задача нашего детского сада-создание благоприятных условий для полноценной жизни ребенка в дошкольном детстве, формирование основ основной культуры личности, всестороннее развитие психических и физических качеств в соответствии с возрастными особенностями, подготовка ребенка к школе.
На нашем сайте вы можете ознакомиться с историей создания детского сада и нашими сотрудниками, получить консультации специалистов, узнать последние новости о жизни детей в детском саду, найти информацию о программах воспитания и обучения дошкольников педагогического коллектива.
С уважением, директор Шаханов Оразалы Сапарович
12
декабря
2024
|
- Категория: Воспитательная работа
«Өзінің айналасындағы жора-жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді.»
Альфред Адлер
Мақсаты:Оқушылардың өз іс-әрекеті мен адамгершілік таңдауы үшін жауапкершілік туралы түсініктерін қалыптастыру.
Жауапкершілік — еркіндіктің басқа бір жағы болып табылады. Ол ересек тұлғаға тән және өзін саналы түрде жасайтын іс әрекеттерінің себептері мен өзінің ойлары мен әрекеттерін ішкі бақылауда көрінеді. Әлеуметтік жауапкершілік өзінің жеке эгоистік қызығушылықтарына емес, қоғам мен басқа адамдардың қызығушылықтарына сәйкес өзін өзі ұстай білудегі адамның бейімділігі. Тек еркін және жауапкершілігі жоғары тұлға өзін әлеуметтік мінез құлқын жан –жақты дамыта алады және жоғары дәрежеде өзінің потенциалын аша алады.
12
декабря
2024
|
- Категория: Воспитательная работа

Қауіпсіздік сабағы
Буллинг - бұл бір адам немесе топтың басқа адамды қорлауы, ренжітуі немесе қауіп төндіруі. Бұл қайталап жасалатын әрекеттер болуы мүмкін және қудалау, зорлық-зомбылық, қорқыту немесе жек көру түрінде көрінуі мүмкін.
1Физикалық: Денеге тигізу, тебу, ұру, итеру, қорқыту, заттарды лақтыру.
2.Психологиялық: Сөзбен қорлау, кемсіту, қорқыту, мазақ ету, сыбырлау, қатынастан бас тарту.
3Цифрлық: Әлеуметтік желілерде, SMS хабарламаларында немесе электронды поштада зорлық- зомбылық, қорқыту, кемсіту.
4Әлеуметтік: Қоғамнан оқшаулау, дос болмау, қоғамнан шеттету, топтан шығару.
Буллингпен күресудің тиімді тәсілдері:
Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз буллингке ұшыраса, дұрыс әрекет ету маңызды. Бұл қиын жағдайдан шығуға көмектесетін бірнеше тиімді тәсіл бар. Өзіңізді қорғаңыз Егер сізге қауіп төніп тұрса, қорғаныс шараларын қолданыңыз, қауіпсіз жерге барыңыз, ересек адамнан көмек сұраңыз. Дәлелдерді жинаңыз Егер сіз буллингке ұшырасаңыз, оның дәлелдерін жинаңыз, мысалы, хаттарды, хабарламаларды, фотосуреттерді сақтаңыз. Ересек адамдармен сөйлесіңіз Егер сіз буллингке ұшырасаңыз, ата-анаңыз, мұғаліміңіз, басшыңыз немесе сенімді адаммен сөйлесіңіз, олар сізге көмектесе алады. Өзіңізге сеніңіз Сіз жалғыз емессіз, буллингке ұшыраған көптеген адамдар бар. Өзіңіздің құндылығыңызды ұмытпаңыз және өзіңізге сеніңіз.
12
декабря
2024
|
- Категория: Воспитательная работа

Қауіпсіздік сабағы: № 11 САБАҚ. «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ НӨМІРЛЕРІ ЖӘНЕ СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ»
Стартап – бұл жаңашыл идеяны жүзеге асыруға бағытталған, әдетте бастапқы кезеңде тұрған кәсіпкерлік жұмыс. Ол нақты бір мәселені шешуге немесе жаңа өнім/қызмет жасауды мақсат етеді. Стартап жобалары жылдам өсуге және дамуға бейім, сонымен қатар жоғары тәуекелділігімен ерекшеленеді.
Стартаптың негізгі ерекшеліктері:
1.Жаңаидея:
Стартаптың басты негізі – жаңашыл және бірегей идея. Мысалы, адамдардың өмірін жеңілдететін қызмет немесе технология.
2.Инновация:
Стартаптар инновациялық тәсілдерді қолданады. Бұл жаңа технология қызмет көрсету тәсілдерін жақсарту немесе нарықта бұрын болмаған өнім жасау болуы мүмкін.
3.Жылдамөсу:
Стартаптар қысқа уақыт ішінде нарықта өз орнын табуға және өсуге ұмтылады.
4.Тәуекел:
Стартаптарда табысты болу мүмкіндігі жоғары, бірақ сәтсіздікке ұшырау қаупі де бар.
5.Шектеулі ресурстар:
Әдетте, стартапер бастапқы кезеңде аз қаржы және ресурстармен жұмыс істейді, бірақ жақсы идея инвесторлардың назарын аудара алады
Мақсаты: Еңбек қызметінің ерекшелігін түсіну, еңбек қатынастарын реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби өзін-өзі даярлау; Жеке өмірлік жоспарларды,қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен кәсіби қызметті саналы түрде таңдауға дайын болу; Әлемнің қазіргі ғылыми бейнесі, ғылым мен техниканың жетістіктері туралы білу.
Қауіпсіздік сабағы: қажет болған жағдайда жедел қызмет нөмірлері мен сенім телефондарын қалай дұрыс пайдалану керектігін үйрету.
Негізгі міндеттер: төтенше жағдайларды шақыру ережелерін бекіту қарапайым және төтенше жағдай арасындағы айырмашылық ұғымын бекіту.